Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туыстары бәрін алдын-ала жоспарлаған": Шымкентте 17 жастағы қыз белгісіз жігіттің өзін алып қашып, зорлағанын айтты

алып қашу

Фото: ЖИ

Әлеуметтік желіде қызды бәзбіреуідің алып қашқан сәтінің видеосы тарады. Оқиға Шымкентте болған. Онда қызды көліктен күштеп шығарып жатқанын көруге болады. Ол айқайлап, қарсылық көрсетеді. Ақ орамал таққан егде жастағы әйелдер оның соңынан ереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шегуші өзінің 17 жастағы студент екенін айтты. Ол Шымкентте тұрады, көпбалалы отбасынан шыққан.

"Мені бұрын-соңды көрмеген ер адам ұрлап кетті. Бірнеше ер адам көлікпен келіп, мені күштеп кіргізді. Олар мені Сарыағашқа алып кетті. Мені қалыңдық еткісі келді. Көп адам болды. Тойлап, отшашулар атып жатты. Олар маған ақ орамал таққысы келді. Мен мұның бәрі жоспарланғанын түсіндім. Ата-анам ештеңе білмеді. Мен олардан ата-анама қоңырау шалуды сұрадым. 17 жаста екенімді қайталай бердім. Бірақ олар тыңдамады", – деді қыз.


"Жылап, айғайлап, пәк екенімді айттым": Қазақстандық қыз топтық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты


Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, оны күштеп үйге сүйреп кіргізген. Видеода егде жастағы әйелдер "бұл дәстүр" деп оны қалуға көндіруге тырысады.

"Олар өз еркіммен келгенімді растайтын құжатқа қол қоюымды сұрады. Қол қоймасам, телефонымды алып қоямыз деп қорқытты. Содан кейін мені бөлмеде қалдырды, ал әжелер басқа қонақтардан сүйінші сұрады. Зорлағаннан кейін өте жаман жағдайда болдым. Ешқайсысы қарамады да. Біраз уақыттан кейін қашып құтылдым. Бірнеше күн өтті, бірақ ешкім саусағын да қозғалтпады. Тергеу жүріп жатқан жоқ сияқты", – деді ол.

Қыз қазір анасымен бірге. Ол көмек сұрап, тергеуді жалғастыруды талап етті.

Шымкент полициясы кәмелетке толмаған баланы ұрлауға қатысы барлар бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.

"Шымкент тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады ПД.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 16 Қаңтар, 2026 14:17