Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туғанына 40 күн толғанда ажырасып едім": Динара Қырықбаева қызының туған күнін атап өтті

Танымал әнші Динара Қырықбаева ажырасқан кезінде 40 күн ғана толған қызының туған күнін тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kyrykbayeva/

Өнер иесінің қызы 5 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп тойлады. 

“Айяға 40 күн толғанда ажырасып кеттік. Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым. Мен үнемі даму үшін жұмыс істеп жүріппін. Өскесін сен мені түсінетін боларсың. Бүгін 5 жасқа толып жатыр. Сені жақсы көремін, қызым”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, өнер иесі бұрынғы жолдасымен 5 жыл некеде болып, үш баланы өмірге әкелген еді. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыпты 2019 жылы ажырасуға бел буды. Ол кезде Динараның кіші қызы қырқынан жаңа шыққан еді.

"Қолымда үш бала. Кенжесі 40 күндік еді. Үлкендері 3 және 4 жаста. Мен не істерімді білмедім. Көңіл-күйім құбылмалы болды. Сол кезде мені тыныштандырып, бәрін түсіндірген, орнына қойып берген анам болды. Ән айтуды қойып кеткен кезім. Ателье бірде жұмыс істейді, бірде жоқ. Тек ата-анам болды. Анам құшақтап: "Әкең екеуміз бармыз. Қалғанына мән берме" деді", – деп еске алған еді сол күндерді өнер иесі.  

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі кездесуге шақыратын жігіттер жетерлік екенін жасырмаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 27 Тамыз, 2024 12:58