30 мың теңгеге: Қарағандыда өз қызын сатпақ болған әйел ісі сотта қаралды
Қарағанды соты туған қызын сатпақшы болған әйелдің ата-ана құқығын қайтарып алу туралы өтінішінен бас тартты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Ата-ана құқығын қайтарып алғысы келген Балқаш қаласының тұрғыны Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді. Әйел 2017 жылдың мамыр айында үш жасар қызына ана болу құқығынан айырылған. Ақыл-есі орташа жағдайда кем әйел, басқа да себептермен ата-ана болу құқығынан шектетілген.
«Жағдайы нашар әйел 2016 жылы қала базарларына үш жасар қызын сатамын деген хабарландыру берген. Ол баланы 30 мың теңгеге сатпақ болған кезінде, полиция қызметкерлерінің қолына түскен. Жасаған қылмысы үшін оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды », – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында әйел балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қызын қайтарғысы келетін айтты.
«Әйелді туған қызын сатуға мүліктік қиыншылықтар итермелеген. Оған ата-ана құқығын қайтарып бергенімен, оның бала тәрбиелеуге жағдайы жоқ. Сондай-ақ, әйелдің психикалық жағдайы әлі өзгермеген»,-деп түсіндірді сот.
Бірақ анасы қызымен кез келген уақытта жолыға алады. Мұнымен ана мен бала арасындағы байланыс үзілмейді. Егер үш жасар қызға қажетті жағдай жасай алатын әйелдің басқа да туыстары болса, онда баланы солар асырап алуға болады. Бірақ әйел ондай ұсыныс жасамаған.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте ақыл-есін жоғалтқан ер адамның туыстары іздестірілуде
Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрден араша сұрады