Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туған күн тойлайтын заман емес": Дина Төлепберген жаңа жасын ерекше жерде қарсы алды

Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген 40 жасқа толды. Ол жаңа жасын тойламай, судан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Журналист Алматыдан атыраулықтарға 20 тонна көмек жіберді. 

“Қош келдің, 40 жасым! Негізі өзім той жасап, туған күнді атап өте бермеймін. Су жаңа Қазақстан болып жатқанда сауық құру әбестік болар. Сондықтан халқыма тамшыдай болсын пайдам тисін деген ниетпен, алматылық еріктілердің сабына қосылдым. Алматыдан Атырауға жәрдем жүк көлігін жіберуге ат салыстық. Қол ұшын созамын деп кішкентай көрпесін болсын әкелген қазақты көріп, көңілім жылыды. Басына күн туып сыналған халқыма сабыр тілеймін!”, – деп жазды тележүргізуші. 



Сонымен қатар медиа маманы еліміздегі су тасқынына байланысты кейінгі жаңалықтарын да бөлісті. 

“Қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр. ТЖМ деректері бойынша су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды. Оның ішінде 18 681-і – балалар. Күшіміз – бірлікте”, – деп мәлімет берді журналист. 

Еске салайық, Қостанай әкімінің орынбасары 174 үйдің маңын су басып, 676 адам эвакуацияланғанын айтты. 

Бұған дейін орталық коммуникациялар қызметіндегі республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев Сергеев су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келе жатқанын мәлімдеді. 

 

Талқылау