Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Туған қыздарының қолынан өлген Михаил Хачатурянға сот үкім шығарды

Фото: Ашық дереккөзден

Мәкеудің Бутыр аудандық сотында 2018 жылы өзінің туған қыздарының қолынан қаза тапқан Михаил Хачатурянға қатысты үкім шықты. Марқұм үш бап бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Осторожно, новости” Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Михаил Хачатурян өлгеннен кейін үш бап бойынша кінәлі деп танылды:

  • Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері;
  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
  • Порнография өндіру.

Алайда айыпталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Михаил Хачатурянның өліміне қатысты қылмыстық іс екі жылға созылды. Оның туыстары марқұмға тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, ер адамның қазасынан кейін сот оны ақтайды деп үміттенді. 

Сонымен қатар, әкесін өлтірген әпкелі-сіңлі Крестина, Ангелина және Мария Хачатурянның ісі әлі де қосымша тергеу сатысында. Бүгінгі шешімнің аясында олар өзін қорғау үшін солай әрекет етуге міжбүр болды деп танылуы мүмкін. Бұл айыпты жеңілдетуі ықтимал.

Апалы-сіңлінің мүддесін қорғап отырған адвокаттар сот үкімін қанағат тұтты. Олар айыпталушыға қатысты үкім қыздардың жазасын жеңілдетеді, бостандыққа шығуына себеп болады деп үміттенеді. Қыздарға белгілі бір әрекет жасауға тыйым салынып, шектеу қойылған.

Марқұмның әпкесі сот үкімімен келіспейді. Ол БАҚ пен адвокаттар қылмыскерлерді қорғап отыр деп санайды. 

“Бұл іс бойынша журналистер кісі өлтіргендерді қолдап отыр. Қыздар қоғам үшін қауіпті, бірақ әзірге адвокаттар оларды қорғап жатыр”, – дейді Михаил Хачатурянның әпкесі Наира.

Бұған дейін Кристиана, Ангелина және Мария Хачатурян әкесі 57 жастағы Михаил Хачатурянның тарапынан жасалған қорлыққа шыдамай, оны өлтіргені туралы жазған едік. БАҚ беттерінде тараған ақпартақа сәйкес, ер адам  өз қыздарын аяусыз ұрып-соғып қана қоймай, оларды жыныстық қатынасқа итермелеген.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 15:57
Талқылау