Туфли киіп, доп тепкен келіншек желі жұлдызына айналды
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде балаларымен футбол ойнап, туфли киіп доп тепкен келіншектің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Динара Шойбекова есімді түркістандық келіншек жеке парақшасында футбол ойнап, жиі доп тебетін видеоларын жүктеген.
“Спорт адам таңдамайды екен. Бала-шағасы мен жасына да қарамайды. Балалардың көңілі үшін футбол ойнаймын. 3 қыз, 1 ұлым бар. Жалғыз ұлың болса осы екен, көңілің қимайсын”, – деп жазды Динара.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жас келіншекті футболды кейбір ер-азаматтардан керемет ойнайтынын талқылап жатыр.
“Біздің командаға шабуылшы керек”, “Кейбір еркектерден күшті тебеді”, “Менен жақсы ойнайды екен”, “Қазақстан құрама командасына қосып жіберу керек”, “Месси мен Рональду көрмесін”, “Бала-шағасы аман болсын”, – деп жазды көпшілік.
@ahmetkyzy17 #putbal #cristianoronaldo #футбол #рекомендации #fyp ♬ оригинальный звук - 𝐒𝐇𝐘𝐆𝐘𝐒 𝐌𝐔𝐒𝐈𝐂🎧
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген