Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түбіртекті сақтау керек": Екібастұз тұрғындарына келтірілген шығын қалай өтелетіні белгілі болды

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жылу электр орталығындағы апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығыны қалай қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жылу

Қала әкімі өз қаражаты есебінен үйлерінде жұмыс жүргізген тұрғындардан атқарылған жұмыстарға төлем жасалғаны туралы фискалдық түбіртекті сақтауды сұрады.

"Қалада 12 жылу пункті бар – оның жетеуінде өтініштерді қабылдау пункттері бар. Өтініш еркін формада жазылса болады. Өтініште, нақты жағдайлар мен келтірілген залал үшін қажетті өтемақы соммасы көрсетілуі тиіс.



Егер жөндеу жұмысын өз беттеріңізбен жүргізген болсаңыз, онда барлық қажетті фискалдық түбіртектер ұсынылуы керек. Артынша арнайы комиссия тексеру жүргізіп, үш күннің ішінде шығын өтеледі", - деді Екібастұз қаласының әкімі.

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Круг шығынды есептеу әлі басталмағанын айтты.

"Қазір біз апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмысты аяқтағаннан кейін комиссия жұмысын бастайды. Қазірдің өзінде екі мыңнан астам өтініш келіп түсті", - деп түсіндірді ол. 

Екібастұз әкімі барлық жөндеу жұмыстары аяқталған соң қаладағы төтенше жағдай алынып тасталатынын айтты.

Талқылау