Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған қостанайлық емделуден қашып жүр

Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің қызметкері 38 жастағы қала тұрғынына мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы сотқа өтініш түсірді.

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Диспансер дәрігерлері ер адамға «Өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы» деген диагноз қойған.

Алайда, ол осы жылдың қыркүйек айынан бастап емдеуден бас тартқан. Ол қасында жүргендерге қауіп төндіруі мүмкін.

«Азамат Р. мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. Ол өз еркімен емделуден қашып, үйінде тұрмай, бой тасалап жүр. Аталған жәйтті қарау нәтижелері бойынша сот Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансер қызметкерінің өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен азамат Р. Рудный қалалық туберкулезге қарсы диспансерге мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жұлдыз жұрттың мазасын қашырған жеке өмірі туралы айтты

Түрмеде Ермегияевқа жағдай жасап берген басшылар жаппай қызметтен қуылды

Белгілі нумеролог 2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын болжады

Ақтөбелік қария өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

 

 

 

Талқылау