Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Арабша жазуы бар тумен суретке түскен никабтағы қыздардың аналарына айыппұл салынды

Фото: Әлеуметтік желіден

Атырау соты араб жазуы бар Қазақстан туын ұстаған қыздарды суретке түсірген екі анаға айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жайында Бас прокурор Берік Асылов Ермұрат Бапидың депутаттық сауалына берген жауабында айтты. 

“Атырау облысындағы оқиғаға байланысты құқық бұзушылық әрекеттер жасаған төрт қыз ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді Берік Асылов.

– Ф.Қ. Айтқали – 78 640 теңге айыппұл салынды;
– Ғ.Қ. Халмурат – 39 320 теңге (заңды өкілі анасына)айыппүл салынды;
– Н.А. Асылбек – 39 320 теңге (заңды өкілі анасына) айыппүл салынды;
– М.К. Нұркешева – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар Бас прокурор Атырау полициясы қылмыстық кодексінің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқанын еске салды. Соның аясында тиісті сараптама тағайындалды.


Арабша жазуы бар Қазақстан туы Wildberries сайтында сатылымнан алынды


Бұған дейін жүздерін жасырып, қолдарына арабша сөздер мен қылыш бейнеленген Қазақстан туын ұстаған қыздардың суреті желіде қызу талқыға түскен еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Мамыр, 2025 18:57
Талқылау