Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ту-154 ұшағы апатынан әйгілі «Любэ» тобының әншісі көз жұмды

Бастапқы мәліметтер бойынша, ұшақ бортында Қорғаныс министрлігінің Александров атындағы ән және би ансамблі мен тоғыз тілші болған.

1269087

Фото: Виктор Толочко

Бұл туралы деп хабарлайды қарулы күштер құрылымының дереккөзі РИА Новости агенттігіне.

Қара теңізге құлаған Ресейдің Ту-154 ұшағының бортында «Любэ» тобының вокалистерінің бірі де болған. Насибулин Александров атындағы ән-би ансамблінің әртістерінің қатарында болған.

«Ұшақтың бортында Александров ансамблінің әртісі, «Любэ» тобының бұрынғы мүшесі Евгений Насибулин де болған. Ол «Любэ» тобының құрамында 90-жылдардың басында жұмыс істеді. Біз Женяның туғандары мен туыстарының қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз», – деді «Игорь Матвиенко атындағы орталық» жетекшісі Андрей Лукинов.Ол Александров атындағы ансамбль өкілдері «Любэ» тобының әндерін жиі жазатын. Соңғы рет олар Құрғақтағы әскерлердің гимнін жазу жұмыстары барысында бірге қызмет етті.

Әуе апаты Қара теңіз үстінде 25 желтоқсан күні болды. Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.

Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ұшаққа мінбей апаттан құтылғандардың ішінде халық әртісі Илсиф Кобзон да бар.

Талқылау