"Трендтің құрбанымын": Екітүрлі аяқкиім киген Ерке Есмахан сән туралы сыр шертті
Танымал мегажұлдыз Ерке Есмахан сәнді киінемін деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі бөпелі болғаннан кейін, сахнадан алыстап кеткен еді. Жеке парақшасында фото жүктеп, ән жазуды қолға алып жатқанын айтты.
“Әнші екенімді ұмытпай тұрғанымда жұмысқа кірісейін. Менен ән емес, альбом күтіңіздер! Қандай тақырыпта хиттар жазғанымды қалайсыздар?”, – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушылары әншінің сөзіне емес стиліне мән берген. Желі қолданушылары өнер иесінің екітүрлі киген аяқкиімі мен сөмкесіне таққан ойыншығын “оқушы қыздардың тағатын салпыншағы” деп сынап жатыр.
“Трендтің құрбанымын. Менің сәнді сөмкеме қызыққан адам да көп және түсінбегендер де жеткілікті. Әйтеуір сөмкемен проблема. Сән әлемінде қазір осындай тренд. Сөмкеге ойыншық, моншақ, жіп, құлып іліп қою. "Мектепке баратын қыздар сияқты немене істеп алғансың?" деген ханымдарға сәлем. Көзқарасты кішкене кеңейтейік, қыздар. Сын, мін іздемей. Әрнәрседен әдемілік, жеңілдік, шынайылық көруге талпынайық", – деп жауап берді әнші.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Еске салайық, Ерке Есмахан су тасқыны кезінде не үшін 200 мың теңге бергенін түсіндіргенін жазған едік.