Транссексуал кейпінде жасалған торт үшін қолданушылар кондитерлерді сынның астына алды
Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-тағы Сакраменто қаласының кондитерлерін қатаң сынға алды. Тәтті өнім шығарушылар көгілдір түсті көйлек “киген” Кен қуыршағы формасында торт жасаған екен.
Freeport Bakery наубайханасының иесі Марлен Гецлер мекеменің желідегі аккаунтында десерттің суретін жариялады. “Кен өте әдемі көрінеді” деп жазды ол. Тортқа кімнің тапсырыс бергені белгісіз. Бір анығы ол туған күнінен арнап жасалынған.
Алайда бұл жазба қолданушылардың наразылығын туғызған. Тіпті бірқатары парақшаға жазылмай шығып кеткен. Дегенмен, Гецлердің бұл жазбасын секс-азшылық өкілдері ерекше қолдаған.
Ал транссексуалдарға қатысты жазылған пікірлерді Гецлер өшіріп тастаған.
Талқылау