Трамптың беделі түсті: 57% америкалықтар оның әрекеттеріне қарсы
8 айдан бері ел басқарған Дональд Трамптың дәрежесінің төмен түсіп кеткені соншалық, 71 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.
Бұл туралы ABC News басылымы хабарлайды.
Трамптың іс-әрекетін тек америкалықтардың 39%-ы қоштап отыр. Қалған 57%-ы оның әрекеттеріне толықтай қарсы. Осы уақытқа дейін дәл осы секілді оқиға АҚШ-тың 33-президенті Гарри Трумэнмен қайталанған болатын.
Телеарнаның айтуынша, дәл мұндай жағдай Обаманың кезінде де болмаған. Америкалықтардың 66%-ы Трамптың мемлекетті біріктірудің орнына, оны ыдыратып жатқанын айтып отыр. Респонденттердің 59%-ы Трамптың оң өзгерістер алып келмегеніне сенімді. Десе де, халықтың көп бөлігі президенттің дауыл салдарын алдын алу үшін барын салғанын айтып жатыр. Аталған сауалнама телефон арқылы екі тілде жүргізілген.
Жіберіп алмаңыз:
Италиялық сәнгер Иванка Трампты ұрлық жасады деп айыптады
Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған
“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды
Солтүстік Корея Трамптың Бас Ассамблеядағы сөйлеген сөзіне жауап ретінде сутегі бомбасын жармақшы