Трамптың қазақстандық орындаушы Скриптониттің әнімен гольф ойнап жатқан видеосы тарады

АҚШ президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп атасымен бірге гольф ойнап жүрген видео жариялады. Видеода қазақстандық орындаушы Скриптониттің “Не расслабляйся” әні ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дональд Трамптың үлкен немересі Кай Трамп 18 жаста, YouTube-та алтын және күміс батырмаларға ие блогер, әрі кәсіби гольф ойыншысы.
Макрон ғана емес: Трамптың тікұшақта әйелімен сөзге келіп қалған сәтінің видеосы тарады
Кай Трамп бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жүрген видео жариялады. Видеоға қазақстандық рэп орындаушысы Әділ Жәлеловтің (Скриптонит) “Не расслабляйся” әні қосылған. Жазбаға жазылған пікірлерде қазақстандық орындаушының жанкүйерлері қыздың музыкалық талғамын мақтап жатыр.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті