Трамп Зеленскийді "келісімге келуге кедергі болды" деп айыптады

Америка президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Ресеймен келісімге келуге кедергі жасады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үй басшысы Politico басылымына сұхбат берді.
“Зеленский бұл істі қолға алып, мәмілені аяқтауы керек”, – деді Трамп сұхбат барысында.
Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путиннің келісімге келуге толық дайын екеніне сенімді. Алайда ол “мәміле жасасуға Зеленскийге не кедергі” деген сұраққа жауап бермеді. Тек оның келісімге келуге әлі дайын емес екенін айтты.
Украинадағы соғыста 55 мың сарбазымыз қаза тапты – Зеленский
Кедергі болып отырған оның өзі екені ақылға сыймайды. Оның қолында карталары жоқ. Енді олардың саны одан сайын азайып қалды”, – дейді Америка президенті.
Бұған дейін Украинаның батыстық серіктестерімен бірлесіп Ресейге қарсы құпия жоспар әзірлеп жатқаны туралы жазған едік.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?
2025 жылғы еттің отандық өндірістегі көлемі орасан
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған