Трамп Зеленскийді әлемді ядролық соғысқа итермелеп отыр деп санайды – БАҚ
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге де, Украина президенті Владимир Зеленскийге де ашулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meduza басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың пікірінше, Трамптың Зеленскийге "ерекше дұшпандығы бар".
"Трамп өзінің көмекшілеріне Зеленскийді әлемді ядролық соғысқа итермелеп жатқан "жаман жігіт" деп бірнеше рет айтқан", – деп жазады The New York Times басылымы.
Ресей мен Украина тұтқындарды алмастыру туралы жаңа келісімге келді
"Бізге талап қоймаңыз!": Трамп пен Зеленский кездесу барысында сөзге келіп қалды
Трамп кеңесшілеріне Зеленскийдің қылығын түсінбейтінін айтқан. Себебі олар Украина қалаларын бомбалауды жалғастыруға ниетті қарсыласқа қарсы соғыс жүргізіп жатыр.
Басылым Трамптың Путинді көбірек құрметтейтінін, бірақ ол да кейде ренжітетінін айтады. Сондай-ақ АҚШ президентінің Ресейге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастырғанын, бірақ әзірге бұл әрекеттен бас тартқанын жазады.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп пен Путин телефон арқылы тілдескенін жаздық.