АҚШ президенті аралды “басып алу” жоспарында жоғын, керісінше оны сатып алуға ниетті екенін айтты.
“АҚШ аумағын кеңейту тақырыбы Трамптың риторикасында жиі айтылады, алайда әзірге саяси әзілдер мен нақты қадамсыз жария мәлімдемелер шеңберінен шыққан жоқ. Сол кеште Трамп көп әзілдеген. Ол Федералдық резерв жүйесінің (орталық банк) жаңа басшысы қызметіне өзі ұсынған Кевин Уоршқа да ишара жасады”, – деп жазды басылым.
“Егер ол мөлшерлемелерді төмендетпесе, мен оны сотқа беремін” деген Трамп біраздан кейін өзінің әзілдегенін айтқан.
Сондай-ақ президент Ақ үйде бал залының салынғанын, биыл футболдан әлем чемпионатының және 2028 жылы жазғы Олимпиада ойындарының өтетінін айтып мақтанды. Қонақтардың айтуынша, көптеген әзілдерді залдағы адамдар салқын өабылдап, оған үнсіздікпен немесе кідіріспен жауап берді.
Alfalfa Club – бұл жыл сайын қаңтардың соңғы сенбісінде Вашингтон қаласындағы (Колумбия округі) “Капитал Хилтон” қонақүйінде қатаң дресс-кодпен өтетін банкет ұйымдастыру үшін ғана құрылған әлеуметтік клуб. Банкеттен кейін жергілікті мейрамханада бейресми кеш жалғасады. Төрт сағатқа созылатын банкет кезінде АҚШ Теңіз жаяу әскерінің оркестрі өнер көрсетеді, сондай-ақ саяси әзіл-қалжың айтылады. Клубтың шамамен 200 мүшесі бар, олардың барлығы ықпалды саясаткерлер мен ірі бизнес өкілдері.
