Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны жеңуімен салыстырды

Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны жеңуімен салыстырдыФото: Reuters/Carlo Allegri

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс жағдайдын 1980 жылғы Олимпиада ойындарында АҚШ хоккей құрамасының Кеңес үкімесі командасын күтпеген жерден жеңуімен салыстырды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай мәлімдемені ол Кеңес Одағының құрамасын жеңген АҚШ-тың 1980 жылғы хоккей командасын ұлықтау рәсімі барысында жасады.

“Бұл – ұқсас жағдай”, – деді Трамп қақтығыс туралы айтып.

Алайда ол бұл ойын жалғастырмай, Украинадағы соғыстың түпкілікті қалай аяқталатынын білмейтінін атап өтті.

“Не боларын көрейік. Қазір біз келісім жасауға бола ма, соны анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта бәрі айқын болады деп ойлаймын”, — дееді Трамп.

АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды ұсынғаннан кейін, қарқынды дипломатиялық күш-жігер жалғасып жатыр.


Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздер процесін қолдайтынын айтты


Зеленский Трамптың үндеуінен соң 60–90 күн ішінде сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ шарт қойды


Сонымен қатар Ақ үй осы аптада егер келіссөздер тиімсіз деп танылса, қосымша келіссөздерге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025 08:57