Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар пакетін бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Brandon Bell
АҚШ федералды реестрінде Дональд Трамп Ресей билігінің "зиян қызметпен айналысатынына" байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартқаны айтылған. Бұл ресейлік активтер мен санкциялардың бұғатталуын, сондай-ақ Ресейдің әскери өнеркәсіптік кешенмен ынтымақтасатын шетелдік қаржы институттарына қатысты қайталама шектеулерді ұзартылғанын білдіреді.
"Ресей Федерациясының үкіметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына ерекше қауіп төндіруді жалғастырып жатыр. Мен 14024 атқарушы жарлықта жарияланған елдегі төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартамын", – делінген құжатта.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"