Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайындық басталғанын мәлімдеді
Фото: AFP/Alessandro Della Valle/Pool/Mikhail Metzel
Украина президенті Владимир Зеленский мен бірқатар Еуропа мемлекеттерінің басшылары АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйде Украинадағы соғысты аяқтау жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Владимир Зеленский мен Дональд Трамп Ақ үйде баспасөз конференциясын өткізді. АҚШ президенті бүгінгі келіссөздер сәтті өтсе, Ресей, Украина және Америка Құрама Штаттарының қатысуымен үшжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ал Украина басшысы соғыс аяқталған соң сайлау өткізуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекет және үкімет басшыларының ортақ брифингінде Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ, Украина және Ресей арасындағы үшжақты кездесуге дейін атысты тоқтатуға қол жеткізуге шақырды.
АҚШ пен Ресей президенттері Трамп пен Путиннің 15 тамызда Аляскада өткен кездесуінен кейін міндетті түрде келіссөз өткізу керек болды.
Зеленский және еуропалық көшбасшылармен өткен келіссөздерден соң Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындық басталғанын, одан кейін өз қатысуымен үшжақты саммит өтетінін жариялады. Мерцтің айтуынша, Путин мен Зеленскийдің келіссөзі екі апта ішінде өтуі тиіс.
Алайда Украина бейбіт келіссөздер жүргізу үшін атысты тоқтатуды талап етпейді.
“Егер Украина кездесу өткізу үшін қандай да бір ғаламдық, еш шартсыз, әділ талап қойса, мысалы атысты тоқтатуды талап ете бастаса, Ресей өз тарапынан жүз түрлі талап қояды. Сондықтан менің ойымша, ешқандай шарт қоймастан кездесіп, соғысты аяқтау жолының қалай дамитынын ойласуымыз керек”, – деді Украина президенті.
Еске салйық, бұған дейін Владимир Зеленский мен Дональд Трамп Ресей мен АҚШ саммитінен кейінгі алғаш рет кездесті.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
