Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп пен Путин екінші рет Будапештте кездеспек

Фото: Getty Images

Ақ үй Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Желідегі парақшасында Трамп Будапештте Путинмен кездесетінін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Трамптың айтуынша, Ресей басшысы оны Таяу Шығыста бейбітшілік орнатқанымен құттықтап, мүның Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға көмектесетінін айтқан.

Сондай-ақ, Трамп Путинмен соғыстан кейінгі сауда мәселелерін талқылап, екі ел делегацияларының кездесуі туралы келісімге келгенін хабарлады. АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады және кездесу келесі аптада өтеді.

“Путин екеуміз Венгрияның Будапешт қаласында кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтата аламыз ба, соны талқылайсыз”, – деп жазды Трамп.

Трамп сондай-ақ ертең Украина президенті Зеленскиймен Ақ үйде кездесіп, Путинмен блған әңгімені талқылайтынын хабарлады.

Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ пен Ресей президенттерінің әңгімесі көңілді әрі нәтижелі өткенін, болашақтағы нақты қадамдар анықталғанын мәлімдеді.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан X желісінде АҚШ пен Ресей президенттерінің жоспарланған кездесуін өткізуге дайын екенідерін хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Путин мен Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату бойынша Аляскада өткен алғашқы кездесуі нәтижесін аяқталған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 23:04
Талқылау