Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп “мұсылмандарға тыйымды” түсіндірді

Трамптың жарлығына сәйкес, жеті елдің азаматтары АҚШ-қа 90 күнге бара алмайды және кез келген босқындарды 120 күнге елге кіргізуге тыйым салынған.

1477341

 

Фото: Ирина Калашников

АҚШ президенті Дональд Трамп көші-қонға байланысты жарлыққа қол қойды, бұл БАҚ көздерінде біршама дүрбелең тудырды. Алайда Трамптың айтуынша, иммигарциялық саясаты дұрыс түсіндірілмеуі жұрттың наразылығына әкеп соқтырып отыр деп жазады РИА Новости.

Трамптың қол қойған “Елді шетелдік террористтердің келуінен қорғау” туралы жарлығы бойынша жеті елдің (Иран, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан) азаматтары 90 күнге АҚШ аумағына кіре алмайды, сондай-ақ кез келген босқындарды 120 күнге, Сириядан келгендерді белгісіз мерзімге елге кіргізуге тыйым салынған. “Айтайын дегенім, БАҚ жариялағандай, бұл мұсылмандарға салынаған тыйым емес. Мәселе дінде емес, террор мен еліміздің қауіпсіздігінде. Әлемде мұсылмандар саны басым 40-тан астам мемлекет бар, оларға бұл жарлық әсер етпейді”, — делінген Трамптың арнайы мәлімдемесінде.

Жіберіп алмаңыз:

Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін

Меккедегі қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды

Нью-Йорктегі мұсылмандар жергілікті тұрғындарды хиджаб киюге шақырды (фото)

Талқылау