Меккедегі қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды
Мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккедегі қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды. Әл-харам мешітінде дәл қазір умра қажылығын өтеушілер бар. Киелі қара тасқа от қоймақшы болған адам қажылардың бірі ретінде мешіт ішіне кірмек болған, – деп жазды 31 арна.

Бұл туралы Сауд Арабиясында білім алып жүрген қазақстандық Акбар Исмаилов атты студент өз парақшасында жариялады.Қажылар қағбаны айнала тәуәп жасап жүргенде тәртіп сақшыларының бірі қолында күдікті бөтелкесі бар адамды байқап қалған. Бөтелкедегі сұйықтық бензин екені белгілі болған. Қаскөйдің йемендік екені айтылуда. Қолға түскен адамды бір топ сақшы сыртқа алып кетті. Қағбаға от қоймақ болған хусииттік шийт болуы мүмкін дейді алғашқы ақпарлар.
Оқи отырыңыз:
Қызылордадағы «Қағба» басына барып, қасиетті құдықтың суынан шипа іздеушілер көп (фото)
Атырауда өзін өртеп өлмек болған экс-прокурор 7 жылға сотталуы мүмкін
Баян Есентаева “КешYOU” тобының жаңа құрамын таныстырды (фото)
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"