Трамп Қытайға 50%-дық қосымша баж салығын енгізетінін айтып қорқытты
Дональд Трамп Қытай билігі АҚШ тауарларына 34 пайыздық салық енгізуден бас тартпаса, қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ президенті Қытай билігіне салық тарифтерін алып тастауға 1 күн уақыт берді.
Трамп Қазақстан тауарларына баж салығын 27%-ға көтерді
"Егер Қытай 34%-дық тарифін 2025 жылдың 8 сәуіріне дейін тоқтатпаса, 9 сәуірден бастап Америка Құрама Штаттары Қытайға 50%-дық қосымша баж салығын енгізеді. Сонымен қатар Қытай тарапы бізбен өткізуді сұраған барлық келіссөздер тоқтатылады" – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар.
4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдерге 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 10 сәуірден бастап күшіне енеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"