Трамп кейбір елдерді баж салығын 100 пайызға дейін көтереміз деп қорқытты
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп АҚШ-тың БРИКС елдерімен сауда қарым-қатынасын қиындатып, осы елдерде өндірілетін өнімдерге үлкен баж салығын енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ТАСС
Трамп Ресейде, Үндістанда, Қытайда, Оңтүстік Африкада және Бразилияда өндірілген өнімдердің Америка Құрама Штаттарына импортына 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізуге рұқсат берді. БРИКС құрамына Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Египет, Эфиопия және Индонезия да кіреді.
"Біз БРИКС елдерінің Америка Құрама Штаттарымен жүргізетін бизнесіне кемінде 100 пайыз баж салығын енгіземіз", – деді АҚШ президенті.
Трамп сайлау науқаны кезінде бірқатар елдердің өнімдерінің импортына қорғаныс тарифтерін енгізуге ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Ол импорттық өнімдерге 10-нан 20 пайызға дейін баж салығын енгізу қажеттігін айтқан.
Алайда бұл жолы Трамп долларды пайдаланудан бас тартқан елдерден келетін тауарларға баж салығын 100 пайызға дейін көтереміз деп қорқытты. Сарапшылардың сөзінше, бұл шара ең алдымен БРИКС елдеріне бағытталады.
Еске салсақ, Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен болатын.
Трамп әділет министрлігін саяси мақсатта пайдалануды тоқтататынын айтты. Бұған қоса, Трамп оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай жариялап, "сауатты төңкеріс" бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Трамп есірткі картельдерін террористік ұйым деп жариялауды жоспарлап отырғанын айтқан еді.