Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты

трамп канадамен сауданы тоқтатты

Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында Канаданың америкалық технологиялық компанияларға салық енгізуді жоспарлап отырғанын айтып, бұл әрекетіне "өрескел шабуыл" деп баға берді. Осыған байланысты ол Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өз жазбасында Трамп Канаданы "сауда жасау үшін өте қиын ел" деп көрсеті. Сондай-ақ оның технологиялық компанияларға салатын салығын "біздің елімізге тікелей әрі өрескел шабуыл" деп атады. Айта кетейік, салықтың алғашқы төлемі дүйсенбіде жасалуы тиіс.

"Осы өрескел салыққа байланысты біз Канадамен саудаға қатысты барлық талқылауларды осы сәттен бастап тоқтатамыз. Канадаға алдағы жеті күн ішінде Америка Құрама Штаттарымен бизнес жасау үшін қанша тариф төлейтінін хабарлаймыз", — деп жазды ол.

Өткен аптада Канада қаржы министрі АҚШ-пен сауда келіссөздері жалғасып жатқанына қарамастан, цифрлық қызметтерге салынатын салықты енгізуді кейінге қалдырмайтынын мәлімдеді. Бұл салық канадалық интернет пайдаланушыларынан 15 миллион доллардан астам табыс табатын кез келген технологиялық компанияға қатысты.

Технологиялық алпауыттардың кейбір лоббистік топтарының айтуынша, 2022 жылдан бастап кері ықпалын бере бастайтын бұл салық америкалық компанияларға 3 миллиард долларға түседі. Бұл төлемдер 30 маусымнан бастап төленуі тиіс болған.

Канада — АҚШ-тың екінші ірі сауда серіктесі. Қазір АҚШ-та Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде қол қойылған АҚШ–Мексика–Канада келісіміне (USMCA) сәйкес келмейтін канадалық импортқа 25 пайыздық тариф қолданылады.

25 пайыздық тариф энергия тасымалдаушыларға қатысты емес, оларға 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Сонымен қатар, Канада Трамп енгізген болат пен алюминий импортына салынған 50 пайыздық салықтан қатты зардап шекті — бұл ел АҚШ-қа осы материалдарды ең көп экспорттайтын шетелдік жеткізуші саналады. Бұған қоса, Трамп шетелдік көліктер мен автокөлік бөлшектеріне 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізген еді.

 

Айым Болатқызы
Сенбі, 28 Маусым, 2025 10:28
Талқылау