Трамп Иран басшылығына келуі мүмкін үш үміткер туралы айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы лауазымына үш үміткер барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Менде үш жақсы үміткер бар”, – деді Трамп The New York Times газетіне берген сұхбатында. Алайда үміткерлердің атын атамады.
Ирандағы билік ауысатыны туралы сөз еткен Трамп АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны басып алғанын мінсіз сценарий деп бағалады.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған