Трамп Гренландияны аралдың әр тұрғынына 100 мың долларға дейін өтемақы төлеп "сатып алмақ"
Коллаж Stan.kz
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гренландия тұрғындарын Даниядан бөлініп, АҚШ-қа қосылуға көндіру үшін оларға тікелей қаржылай төлемдер жасау мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымының дереккөздерінің мәліметінше, Ақ үй өкілдері аралдың әр тұрғынына 10 мыңнан 100 мың долларға дейін біржолғы жәрдемақы төлеу нұсқасын қарастырып отырған көрінеді. Бұл шара халқы шамамен 57 мың адамды құрайтын аралды “сатып алу” нұсқаларының бірі ретінде талқылануда.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио конгресс басшыларына Трамптың Гренландияны АҚШ құрамына өткізуді көздеп отырғанын, ал қатаң мәлімделер Данияға қысым көрсету және келіссөздерді бастау үшін қолданылып жатқанын айтқан еді.
АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр – Америкалық журналист
Трамп АҚШ-тың 66 халықаралық ұйымнан шығуы туралы меморандумға қол қойды
Сонымен қатар Ақ үй өкілдері әскери күш қолдану нұсқасының да қарастырылып жатқанын жоққа шығарылды. Президент әкімшілігінің өкілі Каролин Ливитт президент пен оның командасы "осы сыртқы саяси мақсатқа жетудің түрлі нұсқаларын қарастырып отырғанын" мәлімдеп, АҚШ қарулы күштерін қолдану мүмкіндігі "бас қолбасшының құзырында" екенін атап өтті.
Reuters басылымының мәліметінше, тұрғындар тікелей төлем жасау идеясы Гренландия тұрғындары тарапынан шамадан тыс "қорлаушы" қадам ретінде қабылдануы мүмкін. Аралда көп жылдан бері Данияға экономикалық тәуелділік мәселесі және толық тәуелсіздікке қол жеткізу мүмкіндігі талқыланып келеді. 2025 жылғы сауалнамаға сәйкес, гренландиялықтардың 56%-ы толық тәуелсіздік алуды қалайды, алайда тұрғындардың 85%-ы Гренландияның АҚШ құрамына кіруіне қарсы.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Гренландияны АҚШ-қа қосу оның стратегиялық орналасуы мен жоғары технологиялық салалар үшін аса маңызды пайдалы қазбалар қорының молдығына байланысты АҚШ-тың қауіпсіздік мүдделеріне сай келеді деп мәлімдеген еді. Артынша Данияның премьер-министрі Трампты Гренландияға қатысты қоқан-лоқыларын тоқтатуға шақырды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді