Трамп Еуропалық Одаққа қарсы 50% баж салығын енгізбек
Фото: EPA
АҚШ президенті Дональд Трамп 23 мамыр күні Еуроодақ елдерінен АҚШ-қа импортталатын барлық тауарларға 50% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Ол Еуропалық одақтың "АҚШ-тан сауда саласында басымдық алу мақсатында құрылғанын" атап өтті. Сондай-ақ ол еуропалықтармен "қарым-қатынас жасау өте қиын" екенін айтып, шағымданды.
"Олардың мықты сауда кедергілері, қосымша құн салығы (ҚҚС), мағынасыз корпоративтік айыппұлдары, ақшалай емес сауда шектеулері, ақша-несие манипуляциялары, америкалық компанияларға қарсы әділетсіз және негізсіз сот істері және басқа да көптеген себептерге байланысты АҚШ-пен сауда тапшылығының жылына 250 миллион доллардан асып кетіп отыр. Бұл ақылға қонбайтын көрсеткіш", – деп жазды Трамп.
АҚШ-тан кейін Еуроодақ та Сирияға салынған санкцияларды алып тастады
Оның айтуынша, ЕуроОдақпен жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеген. Сондықтан 2025 жылдың 1 маусымынан бастап ЕуроОдаққа тікелей 50 пайыздық тариф енгізуді ұсынатыны айтты.
Бұған дейін ЕуроОдақ Ресейге төрт режимге сәйкес 130-дан астам санкция енгізген еді.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
