Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Израиль мен Иранды атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

Фото: Reuters

Трамп Израиль мен Иранның атысты тоқтату келісімін бұзғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дональд Трамп Гаагадағы НАТО саммитіне аттанар алдында журналистерге Израиль де, Иран да бірнеше сағат бұрын жариялаған атысты тоқтату келісімін бұзғанына риза емес. Әсіресе Изрильдің әрекеті көңілін қалдырғанын айтады. 

"Израиль. Бомбаларды лақтырмаңыз. Егер тастасаңыз, бұл ауыр заңбұзушылық болады. Ұшқыштарыңызды тез арада үйге әкеліңіз!", – деді ол.

АҚШ президентінің сөзінше, Израиль атысты тоқтатуға келіскеннен кейін бірден Иранға шабуылдады. Сондай-ақ ол Иранның ядролық мүмкіндіктері жойылғанын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім бірнеше сағат ішінде күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысты тоқтатуға тиіс.

Осыдан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильдің Иранмен атысты тоқтату режиміне келісім бергенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ бұған дейін Иран атысты тоқтату режимікүшіне енгенін хабарлаған.

Алайда бірнеше сағаттан соң Израиль Иран тарапынан әуе шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Бірақ Иран мұны жоққа шығарды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 16:42
Талқылау