Америка президенті баждарға қарсы шыққандарды ақымақ деп атады. Оның айтуынша, Америка қазір әлемдегі ең бай әрі құрметті ел, инфляция іс жүзінде нөлге тең, ал қор нарығындағы акциялар рекордтық деңгейде.
“Қазір АҚШ-та зейнетақы жинақтары тарихтағы ең жоғары деңгейде. Сонымен қатар штаттарға триллиондаған доллар кіріс кіріп, жақын арада “үлкен мемлекеттік қарызды” өтей бастайды. Қазір оынң көлемі 37 трлн долларға жетті”, – деп жазды Трамп,
Оның сөзінше, АҚШ-та рекордтық инвестициялар, зауыттар мен фабрикалар бүкіл ел бойынша көбейіп жатыр. Ол дивидендтер әрбір адамға (жоғары табысты адамдардан басқа) кемінде 2000 доллар (1 млн теңге) көлемінде төленетінін айтты.
