Toyota ақауға байланысты 51 644 гибридті Camry моделін кері қайтарып жатыр
Фото: Toyota
Құрал-жабдықтағы ақауға байланысты Toyota 51 644 гибридті Camry седанын кері қайтарып жатыр. Ақаудың салдарынан көлік қуатын жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сaranddriver порталының мәліметінше, өзгерістер 2025–2026 жылдардағы Camry модельдеріне қатысты. Сондай-ақ 2026 жылғы Toyota Corolla Cross Hybrid көлігінің 3 761 данасында да ақау болуы мүмкін. Toyota қазір ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания 2026 жылғы 13 ақпанға дейін көлік иелерін бұл мәселе туралы хабардар етуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Toyota гибрид нұсқаларының көптігімен танымал, алайда компания ең танымал модельдерінің бірін кері қайтарып жатыр.
“Жақында жаңартылған Camry моделінің 51 644 данасы құрал-жабдық жинағындағы ақауға байланысты қуатынан айырылуы мүмкін. Toyota Corolla Cross моделінің 3 761 данасы да кері қайтарылады”, – деп мәлімеді Toyota компаниясы.
Ақау гибрид жүйесінің аккумуляторынан электр қозғалтқышына қуатты түрлендіретін құрал-жабдыққа байланысты. Яғни, тораптың ішіндегі болт босап кетуі мүмкін, салдарынан электр тізбегі үзіліп, автомобильдің бос режимге өтуіне немесе қуатын жоғалтуы ықтимал. Ескерту шамы жанып, босап кеткен болт қысқа тұйықталуға себеп болып, өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы