Тойда шайға ақша төлеуге мәжбүр болған әйел шу шығарды
Жас жұбайлардың тойының иесін әлемдегі ең сараң адам деп атауға болатын шығар. Себебі, олар тойға келген қонақтарға шай ұсынып, артынша әрқайсысына ыстық сусын үшін 2.50£ төлеткен.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Бұл тойдың өзгелерінен айырмашылығы жоқ: әзіл-қалжың аралас құттықтау сөздер, ақ көйлек, тамақ пен сусын. Бірақ той иелері шайдың ақысын келген қонақтардан алуды жөн көріпті. Олардың бұл әрекеті британиялық әйелдің көңіліне тиіп қалса керек. Ол форумдардың біріне өзінің реніші туралы жазыпты.
“Мен тым нашар әрі сараң адамдар жасаған той екенін байқадым”, – дейді әйел. Ол тойдағы сусындар тегін болады деп күтсе керек.
Оның бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. “Жуырда досымның тойына бардым. Той өте нашар өтті десем де болады”, “Егер ішкен асы үшін ақысын алатын болса, адамдарды қонаққа шақырдым деудің не қажеті бар?! Әдетте қонақтар тегін қызыл шарап, алкогольсіз сусын күтеді емес пе?”,
“Көп сөзді доғарыңдаршы! Желі қолданушыларының бұл әйелдің сөзін қоштайтынына сенімдімін. Кез келген адам тойдағы шай тегін болады деп күтеді” деп жазады желі қолданушылары. Арасында қалтасында ақша болмаса болмаса, тойға барудың қажеті жоқ екенін меңзегендер де болды. Әйел өзінің жазбасының тұсына ыстық сусынның бағасы жазылған жарнама суретін қосыпты.
Жіберіп алмаңыз:
Тойда бұрынғы жігіті қалыңдықтың ұятсыз суреттерін көрсетті (фото)
Әлемдегі ең ерекше джакузи: Қазанда қайнауға дайынсыз ба?
Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды
Порноактриса өзін түсірілім кезінде зорлап кеткенін айтып шағымданды