Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда экс-келінін ұрған ер адам үйқамаққа жіберілді

Тойда экс-келінін ұрған ер адам үйқамаққа жіберілдіФото: Видеодан скрин

Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адамды не себепт үйқамаққа жібергенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін соттың санкциясымен оған тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі қолданылды.

“Қазір қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.

“Соған қарамастан, тергеу барысында барлық уәждер мұқият зерттеледі. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.


"Ұрған адам бостандықта жүр": Тойда экс-қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты


Еске салайық, оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша “ұрып-соғу” бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.

Бұған дейін Азода күдіктіні қамауда 12 сағат та отырғызбай, шығарып жібергенін айтфп, әділдік талап еткен еді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 07 Қыркүйек, 2025 09:11
Талқылау