Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Той көйлегімнің суретін ұлым салды": Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойына не себепті ерекше образ жасағанын түсіндірді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойына киген көйлегі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы спортшы-блогер Сәкен Қағаровпен шаңырақ көтерген еді. Алайда жас жұбайлардың тойға киген киімдері көптің көңілінен шықпады. Күйеу жігіт тойға шортымен келген. 

“Екеуі қиял екен”, “Жанар Айжанова жұртқа ақыл айтқанда керемет, өз балаларына сөз өтпеген бе?”, “Енді ішкиіммен шығу қалды”, Циркте өнер көрсететін сайқымазақ сияқты”, “Не болса да бақытты болсын” деп жазды көпшілік. 


  • "Тұзды суым мен "Аятуль курсиім" түгел": Айжұлдыз Адайбекова мәлімдеме жасады

  • Айжұлдыз Адайбекова "Сырғалым" атанды


Алайда қалыңдық не себепті осындай образ таңдағанын түсіндірді. 

“Үстіміздегі киімнің суреттерін ұлым Назар салды. Идеяны Анджелина Джолиден алдым. Оның 6 баласы той көйлегіне өз суреттерін салған. Қарасаңыздар, Назар да ойына келген дүниелерді салған. Машина, мотоцикл, қарбыз, күн, баклажан, гүл, трактор салыпты. Қалыңдық гүлінің орнына тәттілер ұстадым”, – деді блогер. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 11:51
Талқылау