Той қонақтарымен билеп кеткен “Жігіттерлік” Ердос халықты разы етті (видео)
Бағлан Әбдірайымов әріптесінің тойдағы әрекетіне сүйсініп, желідегі оқырмандарымен бөлісті. Ол Ердос Қанаевтың ақкөңіл әрі ешкімді жатырқамайтын елгезек жан екенін алға тартып, әншінің той қонақтарымен билеп жүрген видеосымен бөлісті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Адам жатырқамай, өзгенің қуанышын өзіндей көретін Ердостың әдеті осы, билей береді!” – деп жазды Бағлан.
Өз кезегінде желідегілер Ердостың әрекетіне тәнті болды.
“Өзгенің қуанышына қуана білген азамат екен”, “Жігіттер” тобындағы ең қарапайым, ақкөңіл, ашық жігіт”, “Нағыз тойдың адамы, керемет”, “Ердостың даусы керемет екен”, “Осындай әншілер көп болса ғой, әйтпесе суретке түссең де кісі болатын өзінше әншілер бар”, “Дұрыс, халықтың арқасында нан тауып жүрген соң қарапайым болу керек”, – деп тамсанды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)
Тұрсын Алагөзов Қазақстанда Ыстық көлдегідей “ертегі әлемін” тұрғызуды армандап жүр
Баян Есентаеваның үйі өртеніп кете жаздады
Асхат Тарғынның қызымен бірге түсірген клипі тыңдарманын жылатты (видео)