Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметтік Tesla Cybertruck көлігіне бюджеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің желіде танымал болған Tesla Cybertruck қызметтік көлігіне бюджеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке сүйенсек, көлік 127,4 миллион теңгеге сатып алынған. Төлем 2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында екі траншпен жүргізілген.
Фото: goszakup.gov.kz
Тапсырыс беруші – “Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.
Фото: goszakup.gov.kz
Сондай-ақ конкурс ашық өткізілмеген, келісімшарт "ZHARYQ" ЖШС-мен тікелей жасалыпты.
Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматы көшелерінде жүрген, сыртында төтенше жағдайлар министрлігінің белгісі бар Tesla Cybertruck көлігінің видеосы тараған еді. Төтенше жағдай министрлігі көліктің сатып алынғанын растап, көлікті Алматының таулы аймақтарында және оған іргелес жерлерде қолдану жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, мұндай техника таулы жерлерде құтқару жұмыстарының тиімділігін арттырады.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды