Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі 1,1 миллиард теңгеге Астанадан өрт сөндіру бекетін сатып алмақ

ТЖМ Астанадан өрт сөндіру бекетін сатып алмақФото: ortcom.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астанада дайын модульдік өрт сөндіру бекетінің ғимаратын сатып алуға шамамен 1,1 миллиард теңге сомасына қайта конкурс жариялады. Конкурстық құжаттамада жеткізу мекенжайы “Министрліктер үйі” кешені аумағында көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес, дайын модульдік өрт сөндіру бекетінің ғимараты сатып алынбақ. Нысан құрамында өрт техникасына арналған арнайы бокс және жеке құрамды орналастыруға арналған жатақхана болуға тиіс. Құжатта ғимарат өрт сөндіру бөлімшесінің қызметін қамтамасыз етуге арналғаны көрсетілген.

Жеткізу орны ретінде елорданың әкімшілік орталығындағы мекенжай көрсетілген: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 2-кіреберіс (“Министрліктер үйі” кешені аумағы).

Нақты мекенжайдың көрсетілуі мәміле сипатына қарай әлеуетті қатысушылар шеңберіне әсер етуі мүмкін. Құжаттамада бұл мекенжай нысанның нақты орналасқан жері ме, әлде тапсырыс берушіге тапсыру орны ма – нақты көрсетілмеген.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


 

Нысанды тапсыру келісімшарт күшіне енген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Осы кезеңде жеткізуші мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:

  • ғимарат үй-жайларын тиісті күйде тапсыру;
  • атқарушылық құжаттаманың толық пакетін ұсыну (бас жоспар, техникалық паспорттар, инженерлік желілер сызбалары);
  • орнатылған жиһаздың болуы.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес, арнайы тәжірибенің болуы, сондай-ақ материалдық және еңбек ресурстарына қатысты талаптар белгіленбеген. Қатысуға заңнамадағы негізгі талаптарға сай жеткізушілер жіберіледі – салық берешегінің болмауы және банкроттық рәсімдерінің жүргізілмеуі.

Сатып алу қайта өткізіліп жатыр. Өтінім қабылдау 20 ақпанда аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін шекара қызметіндегі иттердің құрғақ азығына бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінгені, алайда ҰҚК оны жоққа шығарып отырғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 18:14