Төсек тартып жатқан анасын құйрық маймен емдеген Мақпал Жүнісоваға жұрт сүйсінді
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында төсекте жатқан анасын қойдың майымен сылап, емдеп жатқан видосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр
“Құйрықтың майын шыжғырып емдеп жіберейік. Таңертең Алланың күшімен жазылып кетесіз. Жақсы ұйықтаңыз. Түн тыныштығын берсін. Осы қолыңызбен мені тарс еткізіп ұрып жіберсеңіз болды”, – дейді әзілдеп қарт анасының асты-үстіне түскен өнер иесі.
Желі қолданушылары анасын еркелеткен Мақпал Жүнісоваға да, қызына еркелеп жатқан кейуанаға да сүйсініп, ақ тілектерін арнап жатты.
“Мақпалжан, бақыттысың. Анамызға Алла ұзақ ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін”, “Ем болсын! Анам болса мен де қолын уқалап беретін едім”, “Апамыздың Мақпал қызына еркелеп жатқаны ғой”, “Тілеуіңізді тілеп отырған анаңыз бар сіз бақыттысыз”, “Жаққан майыңыз анаңызға шипа болсын”, – деп жарыса жазып жатты желідегілер.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады