Төрткүл дүние көз тігетін сәт: Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
Фото: ФИФА
Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта турнирге қатысатын 42 ұлттық құрама белгілі. Тағы алты команда іріктеу аяқталған соң анықталады.
Алдағы әлем чемпионатын Канада, АҚШ және Мексика бірлесіп қабылдайды. Айтулы дода 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді.
Жеребе барысында командалар төрт себетке бөлінген.
Бірінші себетте – Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланды, Бельгия және Германия.
Екінші себетке – Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Австрия және Австралия енген.
Үшінші себетте – Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Катар, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Африка бар.
Төртінші себетке – Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити және Жаңа Зеландия орналастырылған.
Жеребе қорытындысы бойынша 12 топ құрылады, әрқайсында төрт командадан болады. Әр топтың үздік екі құрамаcы плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады.
Қазақстандық әйел ұлын жапониялық мектепте оқытқаны үшін Жапон үкіметінен жәрдемақы алады

