Төртінші қабаттан перде арқылы түспек болған: Павлодарда түн ортасында жатақханадан шықпақ болған екі студент қыз ауруханаға түсті
Павлодарда колледж жатақханаларының бірінде екі студент қыз түн ортасында қалаға шығу үшін төртінші қабаттан перде арқылы түспек болған. Салдарынан бұл әрекет сәтсіз болып екі студент түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі @Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай түнгі сағат екіге қарай болған.
“Павлодар колледждерінің бірінде кәмелетке толмаған екі студент төртінші қабаттан перде көмегімен жерге түсеміз деп, құлады”, – делінген ведомство хабарламасында.
17 және 18 жастағы қыздар жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"