"Төртінші әйелмен жүрсең де, бақытты бол": Мақпал Жүнісова Тұрсынбекті сөзбен "шаншып" алды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова тойлардың бірінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі жайлы әзілдеп, жұртты күлкіге қарқ қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде өнер иелерінің бірге тойда жүрген видеосы жарияланды. Кадрларда Мақпал Жүнісова шара барысында шоумен Тұрсынбек Қабатовқа өткір сөз айтады.
“Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Қайда жүрсең де, кіммен жүрсең де. Бірінші, екінші, үшінші, төртіншімен жүрсең де, бақытты бол. Жақсы”, – дейді әнші.
Осыдан кейін ол желпуішін сермеп, әзілкешке жауап беруге мүмкіндік қалдырмай, кетіп қалады.
Желі қолданушылары бұл сөздерді әртістің жеке өміріне қатысты дауға тікелей жауап ретінде қабылдады. Пікірлерде қазақстандықтар әншіні белсенді түрде қолдады.
”Мақпал апат қолдамайтынын білдірді”, “Өнер адамдары арасынан бетіне айтқан біреу табылды-ау”, “Мақпал ханым тек шындықты айтады”, “Сауап болды”, “Мақпал ақылды әйел, дұрыс айтты”, “Өте дұрыс, тизігіп айтты, жарайсыз”, – деп жазған олар.
Дәурен Айдарқұловтың Тұрсынбекпен жариялаған суреті жұртқа жақпай қалды
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі алғаш рет әзілкешпен түскен суретін жариялады
Еске салайық, продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.
Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.
Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты