"Төрт салмақта чемпион атанамын": Жәнібек Әлімханұлы өз промоутерінің мәлімдемесіне жауап берді
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлының болашақ жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасаған. Кейін қазақстандық боксшы өз промоутеріне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боб Арум Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірген. Ол өз хабарламасында боксшының WBO белбеуі үшін кездесу өткізетінін мәлімдеген.
"Қазақстанда туылған жауынгер Жәнібек Әлімханұлы 2022 жылдың басында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Ол – 160 фунтқа дейінгі салмақтың үздігі", – деп жазды Боб Арум өз Твиттерінде.
Көп күттірмей Жәнібек Әлімханұлы жауап берді.
"Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемионы атанамын", – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, отандасымыз WBO чемпиондық белбеуіне үміткер атанған болатын. Бүкіләлемдік бокс ұйымы Деметриус Андрадемен жекпе-жегін 15 қаңтар күні промоутерлік саудаға шығармақшы.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"