Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 мың теңге айлықты қанағат тұтқан": Ләйлә Сұлтанқызы анасына жазба арнады

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап, жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілі анасының көрген бейнетін оқырмандарына айтып берді. 

“Менің жұлдызым. Қайта құру кезеңін көрген. Ала дорба арқалап, шетел асқан.
Енесімен базарда нан мен шемішке сатқан. Пошташының 4 мың теңге айлығын қанағат тұтқан. Сырқат күйеуін әрқашан қолдай білген. 4 баланы жеткізген нәп-нәзік менің анам. Бұл әлемнің бар жақсылығына лайық! Рақмет сізге!”, – деп жазды журналист. 



Еске салайық, медиа маманы балалық шағынан сыр шертіп, қой баққан кезін есіне алған еді. 

“Бала кезде күнде кешке көршілер бір-бірін аралап, түлігін іздейтін. Алты қойы, бір сиыры бұзауымен, Ақтөс атты итім бар еді. Кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын. Суретте еш уайымы жоқ, ерке, әкесінің қызы 7 жасар Ләйлә, оң жағымда туысқан ағам Асылбек, және 4 жасар туған інім Ерлан”, – деп жазған еді продюсер. 

Талқылау