Төрт елдің басшылары Газада атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды
Видеодан скрин
АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия басшылары Шарм-эль-Шейхтегі бейбітшілік саммитінде Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алғанын мәлімдеді.
“Үнемі үшінші дүниежүзілік соғыс Таяу Шығыста басталатыны туралы айтылатын еді. Бірақ соғыс болмайды”, – деді Дональд Трамп.
Саммитке барлығы 19 мемлекет пен мемлекет басшылары қатысты. Алайда Израиль мен ХАМАС келісімге қол қою процесіне қатысқан жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Израиль мен палестиналық тарап тұтқындар мен кепілге алынғандарды босату жөніндегі келісімнің негізгі тармақтарын орындауға кіріскенін жазғанбыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізілуіне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты көрнекті дипломатиялық жеңісімен құттықтаған еді.
Талқылау
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі
Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі RAMS кейінгі уақытта қоғам талқысынан түспей жатыр
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”