Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин кәсіпкер әйелмен шаңырақ көтерді
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин үйлену тойын дүркіретіп өткізді, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ilyailyinforever
Десе де, спортшы бұл туралы жария етпеді. Қалыңдығы да желіде күйеу жігітінің кім екенін жасырып қалды. Неке қию рәсімі 12 қаңтар күні елордадағы салатанат сарайында өтті. Олимпиада чемпионы әртүрлі салалардағы бірқатар жобаларды басқаратын кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен бас қосты.

“Шексіз бақыт пен әлемдегі ең мықты ер азаматқа “иә” дедім”, – деп жазды Татьяна Гордиенко.
Спортшы бұған дейін гандболшы Наталья Кулаковаға үйленіп, 2017 жылы ажырасып кетті. Олардың ортақ некесінен Милана есімді қыздары бар.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды

