Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Төреғали тойын жасап, Толқынды дүйім жұртқа таныстырғаны сол еді, қуанышқа ортақтасып келген меймандар жас жұбайлар жайлы жұрт білмейтін ақпараттармен бөлісуде тартынып қалмады. Мәселен, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген хитменнің ата-енесі Тұрарбек мырза мен Гүлназ ханым күйеу баласы мен қызының 3 жылға кешігіп жасалған тойына қатысты өз пікірлерін білдірді.

«Әр нәрсенің бұйырған уақыты болады. Жақсылықтың ерте кеші жоқ дейді. Бәріне шүкір дейміз. Балаларымыз бақытты болсын дейміз. Біз той ерте, кеш деп айтпаймыз. Құдайдың берген бұйрығы шығар. Соған қарай осылай 3 жылдан кейін болып жатыр. Төреғалиымыз аман болсын. Ол әнші ретінде де, күйеу бала ретінде де өте жақсы, адал», – дейді Толқынның ата-анасы.

Төреғали мен Толқын шаңырақ көтергенге дейін әнші жігітті қалыңдықтың ата-анасы көк жәшіктен бір-екі мәрте көргендерін айтады. Бірақ, танымал күйеу балаға қызын табыстауға сәл жүрексіндергенін жасырмады.

«Төреғалиды жақсы білетін едім. Теледидардан көріп, оны кішкентай оқушы кезінен айтыскер ақын екенін білдім. Бір шетінен қуандым. Өнер адамы екенін білдік. Тек қана қызымызға қолдау көрсетіп, тілегімізді білдірдік, қарсы болмадық. Сері жігіт қой. Қуандық, қорқыныш та болды», – дейді Толқынның анасы. 

Алайда, сері жігіт 3 жыл бойы жұбайын жасырып, тіпті дүйім жұртқа үйленбегенін де айтқан еді. Бірақ, бұл шешім қос тараптың келісімімен жүзеге асыпты. Отандық шоу-бизнесте енді таныла бастаған Төреғали қайын жұртына өз өтінішін білдірген.

«Ол бізге айтып түсіндірді. Елдің адамы, әнші болған соң, бізге осылай болады деп түсіндірді. Қазір өнер жолында жүрген соң, жасыру керек болған соң осылай жасырамын деді. Содан кейін үйленген жоқпын деп бір-екі жерлерде интервьюде айтты. Бірақ халық бәрібір біліп отыр ғой», – дейді Төреғалидың қайын атасы.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Қызылордалық келін анасына алтын сыйламаған енесіне ренжіп, күйеуімен ажырасып кетті

Талқылау