Төреғалиден микрофонды “тартып алған” бала көпшілікті сүйсінтті (видео)
Төреғали Төреәлі концерттердің бірінде өз әнін жатқа айтқан жеткіншекке микрофонды ұстата салды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Видеоны желіге Ұлы дала баласының фанаттары жүктеді. Жанкүйердің айтуынша, бұл концерт Қызылорданың Байқоңыр өңірінде өткен.
Шамамен 7-8 жасар жеткіншек Төреғалиге гүл ұсыну үшін сахна төріне шыққан ұқсайды. Сүйікті әншісімен бірге ән салуды көздеген кішкентай “жұлдыз” киелі сахнадан түспей қойса керек-ті.
Ақырында ол Төреғалимен бірге “Қазақ қызға үйленем” әнін орындайды. Ал ән басталғаннан кейін санаулы сәттен соң Ұлы дала баласы микрофонды біржолата бүлдіршіннің қолына ұстата салады.
Ең қызығы, Төрештің кішкентай фанаты әнді мүдірместен мінсіз орындап шығады. “Төрефандар” жас баланың болашағынан мол үміт күтуге болатынын айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Аяғы ауыр Диана Шарапова омырауын көрсетіп мақтанды (фото)
Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды
Ерлан Орынбасаров әйелдердің ерлерге ұнамайтын қасиеттерін атады
Рухты әндерімен танылған “Алашұлы” тобының құрамы өзгерді (видео)