Төреғали Төреәлінің қарындасына отбасы қымбат пәтер сыйлады (видео)

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина күні кеше 18 жасқа толды. Осыған орай отбасы үлкен сыйлық жасады. Үлкен өмірге қадам басқан қызға баспана тарту кетті. 

Қуанышты сәттің суреттері мен видеосы желіде кең тарады. Жұлдызды әулет туған күнді қымбат мейрамхананың бірінде атап өтті. Кеште Қайрат Нұртас қонақ болып, ақ тілегін айтты. Ән шырқап, туған күн иесінің көңілін көтерді. 

"Туған күніңмен, балапаным. 18 жасың құтты болсын, өмірің өзің сияқты тәтті болсын! Біз сені жақсы көреміз!", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Дина Төреәлі 16 жасқа толғанда отбасы қымбат көлік сыйға тартқан еді. Енді Алматыдан қымбат пәтердің кілтін ұстатты.

"Әп-әдемі, сұлу! Бұның орнында басқа болғанда мастанып тәлпіштеніп жүретін еді. Керемет тәрбие берген қызға. Киім киюінің өзі айтып тұр, қарапайым қазақтың қызы деп", "Жағдайлары бар екені анық, оны неменеге елдің көзінше берді екен, қане карантин", "Құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Төрештің екі қарындасы, көзінің қарасы мен ағы сияқты. Не берсе де қайырымен берсін. Қыз бала қонақ, үйінде көрген сыйы, құрметтері есте қалады. Әке шешесінің гүлі, Төрештің ең жақсы көретін кенже қарындасы бақытты болсын! Ойлаған армандарына жетіп, ата-анасын қуанта берсін", "Ағасы бардың жағасы бар деген", - деп жазды желі қолданушылары.



Төреғали Төреәлі қарындасына ақ жарма тілегін айтып, ағынан жарылды. 

"Қарындасым-ай, ағаң боп сені сыйладым.
Арманнан аппақ, періштедей пәк, ибалым!
Күндерім балдай өзіңмен қатар өткізген,
Күлгенің қандай бетіңде жүзіп иманың!"- деп Табылды Досымов ағамыз жырлағандай, менің де ауызыма қараған, намысыма балаған, шаңырағымыздың шаттығына санаған қарындасым бар.

Әкесінің тәттісі, анасының ақ құсы, еркелеткен аға-жеңгесі, үйіміздің кенжесі Дина қарындасым бүгін 18 жасқа толып отыр!

Осынау меншікті мерекесінде құттықтап талай нәрсе жазғым келгенмен... Қиыны-ай! Кез келген ағаның әлсіз тұсы да, көзсіз күші де осы қарындас қой! Сонау қаралы жылдары Қаратаудан "Елім-айлап" көшкен жұрттың аузымен "Қарындастан айырылған жаман екен, қара көзге мөлдіреп жас келеді" - деген екі жол өлеңмен қарындастың қадірін баяндап кеткен халықпыз ғой. Әйтпесе бұл қазақ малынан да, жанынан да, барынан да айырылған кезеңдерде көзіне жас келгенін айтып па еді? Жоқ! Сондықтан да қарындас деген қасиетті ұғым! Қарындас деген қадірлі туыс! Намысының қайрағы да, көңілінің қайнары да, тілегінің тұнығы да, жүрегінің шырылы қарындасы ғой ағаның!

Нұх ғ.с пайғамбар ұлдарынан бөлек, қызын қатты құрметтеп, ең дәмдісін соған ұсынады екен. Соны басқаша түсінген ұлдары, "әке, сіз бізді қарындасымыздай неге жақсы көрмейсіз? Неге оны бізден бөлек әлпештейсіз?"- депті. Сонда әкесі: -"Жаратқан ие, отбасымыздың несібесін, үйіміздің берекетін осы қыздан берген. Несібелеріңді қуып, берекелеріңді қашырасыңдар ма?"деген екен деп келетін қисса бар. Қазағымыз да қызды қонақ деп төрден орын береді. Онымен келген несібе ұзатылғанда "келіннің аяғымен" сол ақ отауына кіреді дегенді қариялар айтып отыратын.

Сондықтан да өз басым елдің ықыласына бөленіп, несібеге кенеліп жүрсем, онда қарындастың үлесі бар, қарындастың тілеуі бар деп білемін. Қош, сонымен қарындастың қадірі туралы қазыналы халқымыздың түсінігіне біраз бойлап кеткендеймін. Туған күнге қайта оралып, ақ тілегіммен түйіндейін", - деп жазды әнші. 

Ағасы сөзін өлеңмен аяқтап, тілегін білдірді. 

"Сен туған ай ақ мамық ақпан еді.
Дүниеге келгенсің шақта әдемі.
Бүгін, туған күніңде қар жаууда,
Ырымнан қазақ қашан аттап еді?..

Періштелер ұлпа қар төсеп жатыр,
Алматы соңғы кезде батпақ еді.
Бұл да саған тартылған сыйлық шығар,
Ақ ұлпадай көңілің аппақ еді.

Алыстан іздеп қайтем сөз айтып құр.
Көрініс көп сөзімді азайтып тұр.
Сенің қандай ақ пейіл екеніңді,
Тілі жоқ табиғаттың өзі айтып тұр!", - деп жазды Төреғали Төреәлі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр