Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-енеммен бірге тұрмаймын: Фариза Төреәлі тұрмысы жайлы айтты

Бір жыл бұрын тұрмыс құрған Фариза Төреәлі қазіргі тұрмысы жайлы айтты. Төреғалидің қарындасы жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Жас келін күйеуінің қалауымен ата-енеден бөлек тұрып жатқанын айтты.

"Маған жеке өміріме қатысты сұрақтар көп қойылады. Мәселен "ата-енеден бөлек тұрасыздар ма?" деп сұрайды. Ата-енем мен жолдасыммен қарым-қатынасым жайлы сұрайды. Ата-енем өте парасатты кісілер. Жастарға мүмкіндік бергенді жақсы көреді. Бізді бөлек шығарды. Күйеуім қалаған соң бөлек тұрып жатырмыз. Мен жолдасымның қалауын әрқашан қолдаймын. Ата-енем мені қызындай көреді. Енем мені өзіне ұқсатады. Жас кезімде дәл мендей болғанын айтып жүреді", - деді Фариза.

Айтуынша, Фариза Төреәлі қазір өзін-өзі жан-жақты дамытып, тұлғалық даму бойынша жұмыс істеп жүр. 

"Көркем мінезді болып, күйеуімнің, ата-енемнің көңілін табуға тырысамын. Адам әрдайым өзінің кемшілігін түзеп, өзін дамытуға ұмтылу керек. Разылығын алуға тырысамын. Ата-енем бізді әрқашан қолдайды. Әрбір бастамамызға демеу болады", - деп жазды ол.


Төреғалидің қарындасы Фариза: Арым таза деп жүрген едім


"Бақытты болыңыздар. Алла тағалам сіздерді тіл көзден сақтасын", "Тек қана бақытты бол. Келгенде қарсы алып, қол ұстасып жүресіңдер ғой, бір-бірлеріңді түсенсіңдер болды. Бақыт деген сол ғой. Алла екі дүние бақытын берсін", - деп жазды желідегі оқырмандары. 

Айта кетейік, бір жыл бұрын ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасы тұрмысқа шығуға келіскен еді. Бойжеткен қазақстандық спортшы Дархан Нортаевқа жар болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр